Malim.kz
Саясат

Атырауда облыс әкімі қызметіне кандидатура қаралады

Арман Қайыпхан
Фото: gov.kz

Атырау облысында әкім ауысуы ықтимал. Қазіргі уақытта өңірді Серік Шәпкенов басқарып отыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы 2026 жылғы 16 шілдеде Атырау облыстық мәслихатының ресми сайтында жарияланған хабарландырудан белгілі болды.

Хабарламада Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 8 маусымдағы №912 Жарлығына сәйкес Атырау облысының әкімі лауазымына тағайындауға келісім беру үшін облыстағы мәслихат депутаттарының жиналысы өтетіні айтылған.

Жиын 2026 жылғы 17 шілде күні сағат 09:30-да Атырау қаласындағы Абай атындағы оқушылар орталығының ғимаратында өтеді.

Әзірге облыс әкімі қызметіне ұсынылатын кандидаттардың есімі жарияланған жоқ.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары