Malim.kz
Құқық

Атырауда 4 тоннадан астам заңсыз балық өнімі тәркіленді

Сабина Асқарқызы
Polisia.kz

Атырау облысында заңсыз бекіре тұқымдас балық аулау деректері анықталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Polisia.kz мәліметінше, полиция қызметкерлері заңсыз айналымнан 4 тоннадан астам балық өнімін тәркілеген. Оның ішінде 911 келіден астам бекіре тұқымдас балық пен шамамен 1 келі бекіре уылдырығы бар.

Ведомство мәліметінше, тәркіленген өнімнің барлығы «Орал-Атырау бекіре балық өсіру зауытына» тапсырылған.

Сондай-ақ жедел-профилактикалық іс-шара басталғалы заңсыз балық аулау, сақтау, тасымалдау және балық өнімдерін өткізуге байланысты 152 құқық бұзушылық тіркелген. Қазіргі уақытта жеті қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Бұдан бөлек, құқық қорғау органдары заңсыз балық аулауға пайдаланылған 19 құрал мен құқыққа қайшы әрекеттерге қолданылуы мүмкін 10 жүзу құралын тәркілеген.

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары