Malim.kz
Оқиға

Атырауда екі күн бұрын жоғалып кеткен адамның денесі Жайық түбінен табылды

• Мансура Әшім

Атырау облысы төтенше жағдай мамандары 21 қаңтарда үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған азаматтың денесін Жайық өзенінен тапты, деп хабарлайды Malim.kz.

Облыстық ТЖД мәліметінше, 1968 жылғы азамат сағат 4:00-де белгісіз бағытта үйден шығып кеткен. Оны іздестіру-құтқару жұмыстары 22 қаңтар сағат 17:00-ден бастап полиция қызметкерлеріне көмектесу мақсатында жүргізілген.

Іздестіру-құтқару жұмыстары Атырау қаласы, Жайық өзенінде сүңгуірлердің көмегімен жүзеге асырылған. Оған Атырау облысы ТЖД 9 құтқарушы, 5 бірлік техника, 2 жүзу құралы және 1 дрон жұмылдырылған.

Нәтижесінде 22 қаңтар сағат 19:35-те азаматтың денесі судан шығарылып, полиция қызметкерлеріне тапсырылған.

Фото: Атырау облысы ТЖД

Мансура Әшім
Автордың басқа материалдары