Malim.kz
Оқиға

Атырауда NCOC-тың бөлім басшысы өлі табылды

Сұлу Бөлек

29 сәуірде Атырауда  45 жастағы Бибігүл Шпанованың денесі өз үйінде табылды. Ол мұнай-газ саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар NCOC компаниясының бөлім басшысы болған. Полиция мәліметтері бойынша, әйелдің денесінде пышақ жарақаттары анықталған, ал пәтеріндегі сейф ашылған, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі azh.kz-ке сілтеме жасап.

Марқұмның туыстары Адам құқықтары бюросына жүгініп, жан-жақты тергеу жүргізуді талап етті. Олар қылмыстың оның кәсіби қызметімен байланысы болуы мүмкін деп есептейді.

Полиция 1987 жылы туған ер адамды ізін суытпай ұстағанын хабарлады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. "Адам өлтіру" бабы (ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Заттай айғақтар тәркіленіп, тергеу жүргізіліп жатыр.

"Бүгін Адам құқықтары бюросы Facebook-парақшасында ресми хабарлама жариялады. Онда Шпанованың ірі ұлттық жобаларға, соның ішінде Қашаған кен орнын игеруге байланысты жобаларға қатысқаны айтылған", - делінген басылымда. 

Оның қазасына байланысты Адам құқықтары бюросы бірнеше талап қойды:

"Соталды тергеу барысы Атырау облысы полиция департаменті басшылығының бақылауында. Әлеуметтік желі қолданушыларын тек ресми дереккөздерге сүйенуге және жалған ақпарат таратудан аулақ болуға шақырамыз", – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Фото: Атыраудағы "Француз кварталы" тұрғын үй кешені, 2ГИС суреті

Сұлу Бөлек
Автордың басқа материалдары