Malim.kz
Оқиға

Атырауда қонақүйден өрт шығып, 13 адам көшірілді

Malim Админ

Атырауда қонақүйден өрт шығып, 13 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Атырау қаласының өрт сөндіру қызметіне Алтай көшесіндегі қонақүй кешендерінің бірінен түтін шыққаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына келген құтқарушылар төрт қабатты қонақүйдің саунасының бірінші қабатындағы бу бөлмесінің өртенгенін анықтады.

Өрт кезінде құтқарушылар 13 адамды эвакуациялады. Сондай-ақ 2 адам құтқарылып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды. ТЖМ күшімен өрт толықтай сөндірілді.

Қазір өрттің себебі анықталып жатыр. 

Фото: ТЖМ 

Malim Админ
Автордың басқа материалдары