Malim.kz
Оқиға

Атырауда студенттер жаппай төбелесті

• Malim Админ

Атырауда бос қалған көлікжайлардың маңында агроколледж студенттер арасында жаппай төбелес болды. Жігіттердің төбелесіп жатқан сәті видеоға түсіп қалып, желіде тарады. Бұл туралы Malim.kz Stan.kz сайтына сілтеп хабарлайды. 


“Жедел-іздестіру шаралары барысында екі жасөспірімге қасақана дене жарақатын салды деген күдікпен төрт кәмелетке толмаған күдікті полиция бөлімшесіне жеткізілді”, – деп мәлімдеді Атырау облыстық полиция департаменті.

Күдіктілер кәмелет жасқа толмағандықтан олардан тек заңды өкілдерінің қатысуымен жауап алынады. 

“Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, жан-жақты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр”, — деп хабарлады полиция.

Төбелеске қатысқан жасөспірімдер ішкі істер органдарының профилактикалық есебіне қойылады, ал олардың іс материалдары кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияға жіберіледі.

Фото: видеодан скрин 

Malim Админ
Автордың басқа материалдары