Malim.kz
Сұқбат

Атырауда су тапшы, техника ескірген. Шәпкеновтің шарасыздығы

• Malim Админ

Экологиясы нашар Атырау облысында енді суға деген зәрулік артады. Елордаға облыс әкімі Шәпкенов жай келмей, жайсыз хабар ала келді.

Айтуынша, алдағы 5 жылда Атырау облысында су тұтыну көлемі 45 пайызға көбеймек.

Мәжілісте өтіп жатқан Парламенттік тыңдауда Шәпкенов:

«Атырау қаласы мен Мақат ауданын сумен қамтамасыз ететін тазартқыш жабдықтар өткен ғасырдың 30-60 жылдары қолданысқа берілген. Қазір олар апаттық жағдайда. Алдағы 5 жылда өңірдегі су тапшылығы 45 пайызға өседі деп болжанып отыр», - деді.

Әзірше жаңа екі сүзгі стансасын іске қосу ойластырылған. Бірақ бұл жұмыс әлі жоспар күйінде тұр.

«Астрахан-Маңғышлақ су құбырының екі кезеңге жоспарланған жаңғырту жұмыстарын кейінге шегермей, тездетіп шешу қажет. Қолдауларыңызды сұраймыз», - деді облыс басшысы. 2040 жылға қарай Қазақстанда су тұтыну 46 пайызға артады.


Malim Админ
Автордың басқа материалдары