IMAGE: © egemen.kz
Бұл туралы Atyrau Today хабарлайды.
Атырауда зейнетақы қорындағы жеткілікті мөлшерден асатын ақшаны қолма-қолға айналдырып беріп жүрген қылмыстық топ тұсталды. Қазірге ұсталғаны - 10 адам, бірақ топ құрамы 50 адамнан асуы мүмкін. Ішінде - клиника басшылары, делдалдар, еспшілер, тағы басқа қызметкерлер бар.
Бір ғана клиника 22.9 млрд теңге айналдырған. Бұған қоса - 2 емхана арқылы 32 млрд теңге айналған. Бұған дейін Отбасы банк зейнетақы қорындағы жеткілікті мөлшерден асатын соманы беруді тоқтатқанын хабарлаған болатын.