Malim.kz
Оқиға

Атыраудағы өрттен 40 адам эвакуацияланды

Мәди Саматұлы

Атырау қаласында Исатай Тайманов көшесі бойындағы 9 қабатты үйде өрт шығып, тұрғындарды эвакуациялауға тура келген, деп хабарлайды Malim.kz.

ТЖМ мәліметінше, өрт 7-қабаттағы пәтерде шығып, онда үй заттары мен жиһаз жанған.

Аумағы 12 шаршы метр алаңды шарпыған қызыл жалын басқа үй-жайларға таратылмай, ТЖД күшімен мүмкіндігінше аз уақытта ішінде сөндірілген.

Сондай-ақ, баспалдақпен 40 адам, оның ішінде 10 бала эвакуацияланған. Зардап шеккендер жоқ.

Фото: caravan.kz

Мәди Саматұлы
Автордың басқа материалдары