Malim.kz
Құқық

Атыраудағы трагедия: Сұлтан Сәрсемәлиев сот санкциясымен қамауға алынды

Айбын Атабай
ІІМ

Атырау облысының Жангелдин ауылында болған оқиғаға байланысты күдіктіге тағы бір бап бойынша айып тағылды, - деп хабарлайды Malim.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап. 

ІІМ баспасөз қызметі күдікті Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады:

99-баптың 2-бөлігі - "Екі немесе одан да көп адамды өлтіру";

188-баптың 2-бөлігі - "Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған ұрлық".

"Атырау облысы Полиция департаменті бірнеше кісіні өлтіру және олардың мүлкін жымқыру дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Күдікті ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды", - деді ІІМ өкілі.

Атырау облысында жоғалған отбасының ісі

Еске салайық, 2025 жылы 25 желтоқсанда Атырау облысының полициясына бір отбасы жоғалғаны туралы арыз түскен. Туыстарының айтуынша, отбасы қарашадан бері байланысқа шықпаған. Төртеуіне де жоғалып кеткен адамдар ретінде іздеу жарияланды. Бұл дерек бойынша соталды тергеп-тексеру басталып, жедел тергеу тобы құрылды.

6 қаңтарда ерлі-зайыпты сарайдың ішінен өлі табылды. 8 қаңтарда ерлі-зайыптыны ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті. Осыдан кейін іс адам өлтіру дерегі бойынша қайта сараланып, марқұмдардың балаларын іздеу жұмыстары жалғасты. Кейін олар да өлі табылды.

Күдікті туралы

Қылмыс жасады деген күдікпен 29 жастағы ер адамға, яғни осы отбасының бұрынғы күйеу баласына халықаралық іздеу жарияланды. Онымен бірге ерлі-зайыптының кіші қызына да халықаралық іздеу жарияланды. Бұрын ол күдіктімен некеде тұрған.

Күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевті іздестіру ісі 8 қаңтарда Атырау облысында тіркелді. Іске бастамашы болған - ІІМ. Бұл істі Атырау облысы Полиция департаменті жүргізді.

24 ақпанда ҚР ІІМ Атырау облысындағы қос кісі өлтіру ісі бойынша күдіктіні және марқұмдардың кіші қызы Индонезияда ұстағалды. Марқұмдардың қызы да күдікті ретінде танылды. 

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары