Мемлекеттік аудиттен кейін білім беру саласындағы лауазымды адамдар тәртіптік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Malim.kz. Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқу-ағарту министрлігінің, Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының және "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығының лауазымды адамдары мен қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Жоғары аудиторлық палатаның тапсырмасы бойынша тиісті шаралар қабылданған.
Биыл ақпанда орта білім беруді дамытуға бөлінген бюджет қаражаты қаншалық тиімді жұмсалғанын бағалау бойынша мемлекеттік аудит жүргізілген. Тексеріс барысында аудиторлар педагогтерді даярлау мен жұмысқа орналастыру, білім беру процесін әдіснамалық қамтамасыз ету, мемлекеттік реттеу бөлігінде және т.б. бірқатар мәселе мен кемшілікті анықтаған.
Осылайша мына тұлғалар:
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті төрағасының орынбасары;
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары;
Ш.Есенов атындағы Каспий технология және инжиниринг университетінің ректоры;
Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры;
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының проректоры;
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің проректоры;
Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры;
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің проректоры;
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің проректоры;
Академик А. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің проректоры;
Ш. Мұртаза атындағы Тараз халықаралық инновациялық институтының проректоры;
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің деканы;
А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің кафедра меңгерушілері;
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының қаржы-экономикалық департаментінің директоры және аға ғылыми қызметкерлерінің бірі;
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің мамандары әртүрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ, "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығының бөлім басшылары мен әдіскерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.