Malim.kz
Саясат

Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы тағайындалды

Malim Админ

Мемлекет басшысының өкімімен Қайрат Сапарбекұлы Дәуітов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды.


Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының өкімімен Нұртас Дәулетұлы Қабақов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды.

Фото: Kazinform 

Malim Админ
Автордың басқа материалдары