Malim.kz
Шоу-бизнес

"Әуелі төсек тербеледі": Төреғали Төреәлінің жазбасы тағы да қызу талқыға түсті

• Алуа Әшірбекова
Фото: malim.kz / ЖИ арқылы жасалған

Әнші Төреғали Төреәлі Threads желісіндегі жазбасымен тағы да көпшіліктің назарын аударды. Өнер иесінің төсек пен бесік туралы сөзіне мыңнан астам пікір қалдырылған, деп хабарлайды Malim.kz.

Төреғали Төреәлі әлеуметтік желідегі парақшасында:

"Әуелі төсек тербеледі, сосын бесік тербеледі", — деп жазды.

Әншінің қысқа жазбасы 23 мыңнан астам ұнату белгісін жинап, оған 1,5 мыңға жуық пікір қалдырылған. Өнер иесі бұл сөзінің қандай жағдайға байланысты айтылғанын нақтыламаған.

Төреғали бұдан кейін арақ туралы да ой бөлісті.

"Дегенмен арақтың істемейтіні жоқ, дәлірек айтсақ, істетпейтіні жоқ", — деп жазды әнші.


Бұл жарияланымы да оқырмандарының назарынан тыс қалмай, 2,5 мыңға жуық ұнату белгісін жинаған.

Еске салайық, бұған дейін Төреғали Төреәлінің "Әйел шешінбей, мәселе шешілмейді" деген жазбасы да талқыға түскен еді⁠. Әншінің сөзіне пікір білдіргендердің қатарында Роза Аширбаева да болған. Ол "Телефонын алып қою керек" деп жазған. Өнер иесі аталған жарияланымының мағынасын түсіндірмеген.

Төреғали Төреәлі кім?

Төреғали Төреәлі – қазақстандық әнші, айтыскер ақын әрі актер. Толық аты-жөні – Төреғали Төреәліұлы Әлиханов. Ол 1992 жылғы 14 қазанда Қызылорда облысының Байқоңыр қаласында дүниеге келген. Биыл 34 жасқа толды. Өнер ортасында "Ұлы дала баласы" деген атпен танымал.

Алматыдағы Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясының колледжін актер мамандығы бойынша тәмамдаған. Шығармашылық жолын айтыстан бастап, студенттік сайыстарда жеңімпаз, республикалық айтыстарда жүлдегер атанған. Кейін эстрадаға бет бұрып, әншілік бағытта танылды. Оның көпшілікке кеңінен тараған туындыларының бірі – "Отанды сүю – иманнан" әні.

Әншінің өнерге келуіне әкесі Төреәлі Төлепов ықпал еткен. Ол ұлын кішкентайынан сахнаға баулып, кейін продюсері ретінде жұмыс істеген. Анасы Аягөз Төлепова – орыс тілі пәнінің мұғалімі. Төреғали – отбасындағы тұңғыш бала, оның Фариза және Дина есімді екі қарындасы бар.

Өнер иесі актер ретінде де көрерменге таныс. 2018 жылы жарыққа шыққан "Ұлы дала комедиясы" фильмінде басты рөлді сомдады. Режиссер Дархан Сәркенов түсірген картинада атаққа мастанған әншінің қарапайым адамның өміріне тап болып, отбасы мен жақындарының қадірін түсінуі баяндалады. Туындының продюсері – әншінің әкесі Төреәлі Төлепов.

Төреғалидің жұбайы – Толқын Тұрарбекқызы. Ерлі-зайыпты отбасылық өміріндегі сәттерді әлеуметтік желіде бөлісіп тұрады. 2024 жылы олардың алтыншы перзенті дүниеге келген. Сол кезде әнші жарына алғыс айтып, отбасы алдындағы жауапкершілігі туралы ой бөліскен.

Алуа Әшірбекова
Автордың басқа материалдары