Malim.kz
Спорт

Әуесқой боксқа оралған экс-капитан халықаралық жарыста үздік атанды

Арман Қайыпхан

Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов Грузияда өткен халықаралық турнирде жеңіске жетті, деп хабарлайды Malim.kz. 

Әлем және Еуропа чемпионы Георгий Канделакидің жүлдесіне өткен жарыста Қазақстан командасы 3 алтын, 3 қола медаль жеңіп алды. Ал команда құрамында болған Абылайхан Жүсіпов турнирдің үздік боксшысы атанды. 

Абылайхан Жүсіпов - әлем чемпионатының үш дүркін қола жүлдегері (2017, 2019, 2021 жылдары), 2017 жылы Ташкентте өткен Азия чемпионатының күміс медаль иегері. Ұлттық құрама капитаны да болды.

Кейіннен кәсіпқой боксқа ауысып, 4 жекпе-жек өткізді. Бәрінде жеңіске жетіп, үшеуінде қарсыласын нокаутқа түсірді. Ал жуырда ғана әуесқой боксқа қайта оралғанын хабарлады. 

Фото: ҰОК

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары