Malim.kz
Оқиға

Әуежайдағы жолаушының «сөмкемде тапанша бар» деген сөзі дүрбелең тудырды

Айбын Атабай
t.me/Atyrau.today

Оқиға Атырау халықаралық әуежайында «Атырау-Шымкент» рейсіне тіркелу кезінде болған, деп хабарлайды Malim.kz. 

Түркістан облысының 34 жастағы тұрғыны тексеру кезінде әуежай қызметкерлеріне сөмкесінде тапанша бар екенін айтқан. Осыдан кейін ер адам дереу №788 рейстен шығарылып, тексеру жүргізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, хабарлама жалған болып шықты, бірақ жолаушыға бәрібір заң бойынша жауапқа тартылды. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, материалдар Атыраудың мамандандырылған әкімшілік сотына жіберіліп қойды.

Көліктегі полиция департаменті әуежайда ықтимал қару-жарақ, жарылғыш заттар немесе басқа да қауіпті заттар туралы кез келген мәлімдеме қауіпсіздікке төнген қатер ретінде қарастырылатынын және соңы ауыр салдарға әкеп соқтыратынын ескертті.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары