Malim.kz
Саясат

«Ауыл» партиясының төрағасы ауысты

Арман Қайыпхан
Ауыл партиясы

Бүгін партияның кезектен тыс съезі өтті, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның барысында Серік Егізбаев партияның төрағасы қызметінен кететінін мәлімдеді.

Айтуынша, жаңа төрағаның партиялық жұмыста сабақтастықты қамтамасыз етіп, алда тұрған міндеттерді іске асыруды үйлестіруге зор мүмкіндігі бар.

Съезд делегаттары төраға орынбасары болған Қайрат Айтуғановтың кандидатурасын бірауыздан қолдады.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары