10 мамырда Гандинагар қаласында (Үндістан) ауыр атлетикадан Азия чемпионаты басталады, деп хабарлайды Malim.kz.
Аталған байрақты бәсекеде ел намысын төрт спортшы қорғайды. Олардың қатарында Петр Хребтов (79 кг), Әлібек Рахымберді, Александр Уваров (88 кг), Сұлтан Мейрам (110 кг)
Айта кетейік, құрлық біріншілігі 17 мамырға дейін жалғасады.
Бұған дейін садақ атудан Шанхайда өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысатын қазақстандықтар тізімі шыққан болатын. Аталған ірі халықаралық турнирде Қазақстан құрамасы сапында 15 мерген бақ сынамақ.