Malim.kz
Оқиға

Автожуу орнында дау шығып, бір адам көз жұмды

Айбын Атабай
yandex.kz

Түркістан облысының Зағамбар ауылында автожуу орнында кезекке тұрған ер адамдардың арасында дау шығып, салдарынан олардың бірін пышақтап кетті, деп хабарлайды Malim.kz. Azattyq Rýhy мен КТК телеарнасына сілтеме жасап.

«Олар арт жағымыздан келіп, дөрекі сөйлеп, боқтай жөнелді. «Мұнда не істеп тұрсың, кет» деді. Мен «Неге ұрысып жатырсыздар? Қазір-ақ кетемін ғой» деп жауап бердім. Сосын бауырларымды шақырып, әлгі адамдарды сабыр сақтауға шақырдық. Біз төбелескіміз келмеген еді», – деді жәбірленуші.

Алайда қарсы тараптағы ер адамдардың бірі пышақ алып, 19 жастағы жігіттің жүрек тұсына сұғып алды. Соққы өлімге әкелді. Осыдан кейін күдікті оның бауырын бірнеше рет пышақтаған.

Жарақат алған азамат ауруханаға жеткізілді, қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты.

Полиция екі күдіктіні ұстады. Оқиға бойынша «Адам өлтіру» және «Адам өлтіруге оқталу» баптары бойынша қылмыстық істер қозғалды.

«Жедел тергеу іс-шаралары барысында екі күдікті ұсталды. Оларға қатысты қамауға алу туралы санкция берілді. Кісі өлтіру және кісі өлтіруге оқталу бойынша қылмыстық істер қозғалды. Тергеу жұмысы Түркістан облысы полиция департаменті бақылауда», – делінген облыстық ПД хабарламасында.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары