Абай облысындағы Аягөз гарнизонында әскери бөлімнің офицері өзіне қол салды.
Гарнизон баспасөз қызметінің хабарлауынша, әскери қызметкердің денесі өзі тұрып жатқан пәтерден табылған.
- 19 қыркүйекте Аягөз гарнизоны әскери бөлімінің офицері жұмысынан тыс уақытта өз пәтерінен өлі табылды. Алдын ала ақпарат бойынша, офицер асылып қалған, - деп хабарлады баспасөз қызметінен.
Қазір қайғылы оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр. Офицердің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Фото: stan.kz