Malim.kz
Құқық

Азаматтардың жеке деректерін сатқан қылмыстық топ ұсталды

Айбын Атабай
ҰҚК баспасөз қызметі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері Қазақстан азаматтарының дербес деректерін заңсыз жинау және таратумен айналысты деген күдікке ілінген қылмыстық топтың әрекетін әшкереледі. 

Биыл наурызда ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен Астана және Алматыда ҚР азаматтарының дербес деректерін заңсыз жинау және таратуға күдікті адамдар тобы әрекетінің жолын кесті.

Тергеу материалдары бойынша қылмыстық іс фигуранттары заңсыз жолмен алынған ақпаратты Интернет желісінде сатып келген. 

"Сатып алушылар қатарында микроқаржы және коллекторлық ұйымдардың кейбір өкілдері, сондай-ақ жеке тұлғалар болған. Тінту барысында компьютерлік техника, электрондық ақпарат тасымалдағыштар, ірі көлемде ақша қаражаты және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді", - делінген хабарламада.

Қылмыстық кодекстің 147, 208 және 210-баптары бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды. 

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары