Malim.kz
Шоу-бизнес

"Әжесінің әуресі". Роза Әлқожа немересін қырқынан шығарды

Malim Админ

Танымал әнші Роза Әлқожа немересін қырқынан шығару рәсімін жасады, - деп хабарлайды Malim.kz.

22 жастағы ұлы Бейбарыс пен келіні Әсем балалы болып, Роза Әлқожа әже атанды.

Немересіне Әбдірахман деп ат қойған әнші оны қырқынан шығарып, сәбидің шашын ақын Төлеген Айбергеновтің қызы Салтанат қиды.   

Бөпемізді кіші қырқынан шығарып, Салтанат апасындай ғалым болсын деп ырымдап, шашын алғыздық. Әбдірахманның әжесінің күндегі әуресі өзіне ұнап жүр. Бесігіміз тербетіле берсін! Келеріміз де, барарымыз да көп болсын!", - деп жазды әнші. 

Фото: nstagram.com/roza_alqozha  

Malim Админ
Автордың басқа материалдары