Malim.kz
Құқық

"Азғын діндер мен халықтар арасынан соңғы рет адам іріктеу!". Атыраулық зейнеткер ақырзаман туралы парақтар таратқан

Ереке Базарқұл
© Ақ Жайық -azh.kz

Ақ Жайық басылымы хабарлайды.

Атырау полициясы 66 жастағы зейнеткер әйелді ұстады. Ол Привокзальный мөлтек ауданындағы пәтерлерді аралап, ақырзаман туралы діни мәтіні бар парақтар таратып жүр екен.

Парақта:

«Послѣдній наборъ людей къ Богу изъ всѣхъ сатанинскихъ вѣръ и народовъ».

- деп жазылыпты.

© Ақ Жайық - azh.kz

Дін істері басқармасының хабарлауынша, зейнеткер әйел ешқандай діни ұйымның мүшесі емесін, тек "жүрек қалауымен" әрекет еткенін айтқан. Әйелге қатысты Әкімшілік Кодекстің 449 және 490 баптары бойынша іс қозғалды. 449 бап - уақ бұзақылыққа, 490 бап - дін туралы заңды бұзуға қатысты.

"Полиция әйелді бөлімшеге жеткізді. Тәркіленген материалдар діни сараптамаға жіберілді", -

деп нақтылады басқарма өкілдері.

Ереке Базарқұл
Автордың басқа материалдары