Malim.kz
Спорт

Оразбек Асылқұлов бокстан Азия чемпионатында топ жарды

Сабина Асқарқызы
ҚБФ

Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда бокстан Азия чемпионатының ерлер арасындағы финалдық жекпе-жектері басталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақстан құрамасының атынан шаршы алаңға алғаш болып 2025 жылғы әлем чемпионы Оразбек Асылқұлов шықты.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен финалда отандасымыз үндістандық Сачин Сачинмен кездесіп, тартысты жекпе-жекте 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Асылқұлов Қазақстан құрамасының финалдық бәсекелерін сәтті бастап, ел қоржынына алғашқы алтын медальді салды.

Бұл – спортшының ересектер арасындағы Азия чемпионаттарындағы екінші жүлдесі. Бұған дейін ол 2024 жылы күміс медаль иеленген болатын.

Айта кетейік, алдағы финалдық кездесулерде Қазақстан құрамасының тағы төрт боксшысы шаршы алаңға шығады. Олар Төрехан Сабырхан (-70 кг), Сабыржан Аққалықов (-75 кг), Нұрбек Оралбай (-85 кг) және Айбек Оралбай (+90 кг).

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары