Malim.kz
Спорт

Азия чемпионаты: Қазақстанның ауыр атлеттері кезекті жүлделер жеңіп алды

Арман Қайыпхан

Аңсар Тұрсынбек ауыр атлетикадан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Malim.kz.

Ауыр атлетикадан Астанада жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионаты өтіп жатыр. 9 шілдеде Қазақстан ерлер құрамасының атынан Аңсар Тұрсынбек өнер көрсетті.

Отандасымыз 94 келіден жоғары салмақ дәрежесінде ел намысын қорғады.

Аңсар қоссайыстың қорытындысы бойынша 326 (144+182) келіні көтеріп, жасөспірімдер арасындағы бәсекеде күміс жүлдеге ие болды.

Бірінші орынды оңтүстіккореялық Инхок Ким иеленді - 334 (151+183) келі. Үшінші орынға Өзбекстан өкілі Хусонбай Халмуратов жайғасты: 324 (152+172) келі.

Фото: ҰОК

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары