Malim.kz
Спорт

Байдарка мен каноэде есуден әлем кубогына қатысатын Қазақстан спортшылары анықталды

Сабина Асқарқызы
ҰОК

8 мамырда Сегедте (Венгрия) байдарка мен каноэде ескек есуден Әлем кубогының алғашқы кезеңі басталады, деп хабарлайды Malim.kz.

Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, аталған ірі халықаралық жарыста Қазақстан құрамасы да бақ сынайды. Ел намысын қорғайтын спортшылар тізімі белгілі болып отыр. 

Байдаркамен есуден Бекарыс Раматулла, Игорь Ряшенцев, Сергей Токарницкий, Дмитрий Холмогоров, Артем Терещенко, Кирилл Тубаев, Стелла Суханова, Татьяна Токарницкая, Ольга Шмелева сынға түседі. Ал каноэмен есуден Мария Бровкова, Ольга Сурмина, Руфина Искакова, Маргарита Торлопова, Ульяна Киселева, Полат Түребеков ел намысын қорғайды. 

Айта кетейік, Әлем кубогы кезеңінде Лос-Анджелес-2028 Олимпиадасына іріктеу барысында есепке алынатын рейтингтік ұпайлар сарапқа салынады.

Дүбірлі дода 10 мамырда аяқталады.

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары