Malim.kz
Сұқбат

Байзақ ауданындағы әскери бөлімде қалған оқ-дәріні жою қайта жанданды

Айшолпан КЕРІМ

Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімде қалған оқ-дәріні жою қайта жанданды

«Жару жұмысы дүйсенбіден жұмаға дейін әр күндері өткізіледі. Жақын жатқан елдімекендердің қауіпсіздігі үшін бір жарғанда аз-аздан жарып жатырмыз. Бір жарғандағы тротил салмағы — 600-700 келі», — дейді әскери бөлім командирі Еркін Әбсадықов.

Нақты қанша оқ-дәрі жойылатыны туралы әзірге толық ақпарат жоқ. Бірақ жою процессі қараша айына дейін жалғасады.

Еске сала кетейік, өткен жылдың тамызында Байзақ ауданындағы қару-жарақ қоймасында жойқын жарылыс болып, 17 адам қаза тапқан. Бір әскериден әлі күнге хабар жоқ. Төтенше жағдайдың себебі де күні бүгінге дейін айтылмады.

Айшолпан КЕРІМ
Автордың басқа материалдары