Ораза ұстау кезінде баланың жас ерекшелігін назарға алу керек. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты.
«Менің ойымша, баланың жас ерекшелігін назарға алу керек. Әр ата-ана баласына рұқсат берсе, бұл өз отбасы ішіндегі жеке мәселесі екені түсінікті. Бірақ бала белгілі бір жасқа дейін дұрыс тамақтану керек деп санаймын. Менің ойымша, 16-17 жасқа дейін, яғни барлық органдарының толық қалыптасуына мән беру керек», - деп жауап берді министр Парламентте өткен жиыннан кейін тілшілер сұрағына.
Фото: интернеттен