Malim.kz
Құқық

Баланы тепкен балабақша тәрбиешісі тергеліп жатыр

Malim Админ

Атыраудағы балабақшада әйел баланың бірін тепкен. Қазір тәрбиешіге қатысты тергеу жүріп жатыр,- деп хабарлайды Malim.kz.  


Бұл туралы желіде видео тарады. Онда әйелдің кішкентай ұлды тепкен сәті түсірілген. Оқиға 15 қаңтарда болған.

Атыраудағы Зейнеп-Амина балабақшасы МАД-1 тобында болған жағдай. Осындай жағдай Зейнеп-Амина балабақшасында бірінші емес, - деп жазба қалдырған желі қолданушысы.

Атырау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталған.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды, - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі.

Фото: видеодан скрин  

Malim Админ
Автордың басқа материалдары