Malim.kz
Оқиға

Баласын 3 миллионға сатпақ болғандар ұсталды

Мадина Қайнарова

Алматы облысында ерлі-зайыптылар жаңа туған баласын сатып жібермек болған.

Туғанына бір апта ғана болған нәресте үшін ата-анасы үш миллион теңгеге бағалаған.

Олар 9 қыркүйек күні Кенен Әзірбаев ауылында ұсталды.

Баланың әкесі 37 жаста, шешесінің жасы – 32-де. Екеуі қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторында отыр. Ал нәресте Сәбилер үйіне жіберілді.  

Фото: Unsplash

Мадина Қайнарова
Автордың басқа материалдары