Malim.kz
Спорт

"Бақұл бол!" – Олимпиадада елі үшін жалғыз жүлдені әкелген боксшының отбасы қара жамылды (ВИДЕО)

Мадияр Қапанбек
MOHD RASFAN/AFP via Getty Images. Суретте: Мунарбек Сейитбек уулу

26 ақпанда Ош қаласында 67 жасында Сейитбек Токтосунов дүниеден өтті. Ол – 2024 жылы Парижде өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Мунарбек Сейитбек уулунуң әкесі, деп жазады Malim.kz.

Қазіргі уақытта Сейитбек Токтосунов қайтыс болу себебі жарияланған жоқ. Қоштасу рәсімі мен жерлеу рәсімі Ош қаласында өтеді.

Мунарбек Сейитбек уулу 2024 жылы Парижде өткен жазғы Олимпиада ойындарында күміс медалін жеңіп алды. Сондай-ақ ол 2023 жылғы әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болған.

Спортшы Ош қаласында дүниеге келген және 8 жасынан бастап бокспен айналыса бастаған. Ол Ош мемлекеттік университетінің дене шынықтыру факультетін тәмамдаған.

2017 жылдан бері Мунарбек ұлттық құрама сапында өнер көрсетіп келеді. 2018 жылы ел чемпионы атанса, 2019 жылы вице-чемпион болды.

2023 жылы Ташкент қаласында өткен әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алып, тәуелсіз Қырғызстан тарихындағы әлем біріншілігінің алғашқы жүлдегерлерінің біріне айналды.

2024 жылғы Париж Олимпиадасында 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға дейін жетіп, шешуші айқаста өзбекстандық Абдумалик Халоковқа жол берді.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров спортшының жетістігін жоғары бағалап, оған ақшалай сыйақы мен автокөлік табыстаған болатын.

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары