Бокстан Қазақстан жасөспірімдер құрамасының бас бапкері Бақыт Сәрсекбаев Бангкокта өткен «Future Cup» турнирінің нәтижелеріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Malim.kz.
Жастар құрамасының бапкері Таиландта алғаш рет ұйымдастырылған беделді жарыста қазақстандық боксшылардың өнеріне көңілі толатынын айтты.
Аталған турнирді қазақстандық бокстың аңызы Геннадий Головкин жетекшілік ететін World Boxing ұйымы өткізді.
«Бұл турнирде қазақстандық боксшылар өте жақсы нәтиже көрсетті. Барлық жаттықтырушыларға үлкен рақмет. Алдымызда үлкен жоспарлар бар. Алда Олимпиада ойындары мен әлем чемпионаттары күтіп тұр. Соған дайындаламыз. Жігіттердің қандай қателіктері бар екенін көрдім. Сол кемшіліктермен жұмыс істеп, түзетеміз. Мен бас бапкер ретінде алғаш рет жігіттерді осындай турнирге алып келдім», – деді Сәрсекбаев.
Айта кетейік, Бақыт Сәрсекбаев – бокстан Олимпиада чемпионы.