Malim.kz
Оқиға

Барлыбай Садықов Қазақстанның Руандадағы елшісі болып тағайындалды

Айбын Атабай
ҚР СІМ

Барлыбай Садықов Қазақстан Республикасының Руанда Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды, - деп хабарлайды  Malim.kz Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Барлыбай Кәрімұлы Садықов Қазақстан Республикасының Руанда Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Б.Садықов 1988 жылы КСРО Қорғаныс министрлігінің Әскери институтын бітірген.
Дипломатиялық дәрежесі – II сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл.

1993 жылы – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің (СІМ) Еуропа және Америка елдері басқармасының атташесі, сондай-ақ СІМ орталық аппаратында және Қазақстанның Италия, Швейцария, АҚШ-тағы шетелдік мекемелерінде түрлі басшылық қызметтер атқарған.

2008–2012 жылдары – ҚР СІМ Көпжақты ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары, директоры.

2013–2015 жылдары – ҚР СІМ-нің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі, Қазақстанның Нью-Йорк қаласындағы БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілінің орынбасары.

2016–2018 жылдары – ҚР Тұрақты өкілінің бірінші орынбасары.

2018–2019 жылдары – Қазақстанның Пәкістан және Бангладештегі Елшісі.

2019–2025 жылдары – Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

2023 жылғы 14 тамыздан бастап – Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі,
2025 жылғы 23 мамырдан бастап – қоса атқару бойынша Найроби қаласындағы БҰҰ бөлімшесі жанындағы ҚР Тұрақты өкілі;
2026 жылғы 25 ақпаннан бастап – қоса атқару бойынша Қазақстан Республикасының Руанда Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

Қосымша қызметтері:
2016 жылы – БҰҰ Бас Ассамблеясымен және Қауіпсіздік Кеңесімен өзара іс-қимыл мәселелеріне жетекшілік еткен, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Санкциялар комитеттерінің отырыстарын өткізген.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары