Malim.kz
Құқық

Бас прокуратура Нығматулиндерді тергеп жатыр

Айбын Атабай
Orda.kz

Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Нығматулиндерге қатысты істің қай кезеңде жүріп жатқанын айтты.

Арғын Нығматулинге қатысты іздеу жарияланды, яғни Қарағанды облысында хоккей клубына бөлінген қаражатты жымқыру дерегі бойынша іс қозғалды, - деді Ғ. Қойгелдиев Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Сонымен қатар ол Ерлан Нығматулинге қатысты іс тергеліп жатқанын айтты.

- Түркияға құқықтық көмек жөніндегі сұрау жолдадық. Аталған істер тергелуде, - деді Бас прокурордың орынбасары.

Еске салайық, 2025 жылы 3 наурызда еліміздің прокуратура органдары бұрынғы Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің ағасы Арғын Нығматулинге іздеу жариялады.

Былтыр сәуір айында Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Нұржан Нұрланұлы мен Ерлан Зайроллаұлына қатысты шағым түскенін айтқан еді.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары