Malim.kz
Саясат

Бас прокуратура: Сайлау күні бюллетеньді фотоға түсіріп, таратуға болмайды

Айгүл Таңатар
https://www.kt.kz/

Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлау қарсаңында сайлау алдындағы үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынады. 2026 жылғы 23 тамызға белгіленген сайлауға қатысты үгіт жұмыстары 22 тамыз сағат 00:00-де аяқталады. Сондықтан 22 және 23 тамыз күндері үгіт жүргізуге жол берілмейді.

Бас прокуратура азаматтарды сайлау заңнамасының талаптарын сақтауға шақырды. Ведомствоның ескертуіне сәйкес, дауыс беру кезінде толтырылған бюллетеньді фото немесе видеоға түсіріп, оны әлеуметтік желілерде және басқа да ақпараттық ресурстарда таратуға болмайды.

Сайлау алдындағы үгітке қатысты талаптарды бұзған жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Атап айтқанда, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 102-бабы бойынша жеке тұлғаларға 15, шағын кәсіпкерлік субъектілері мен коммерциялық емес ұйымдарға 20, орта кәсіпкерлік субъектілеріне 25, ал ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 35 АЕК көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.

Құрылтай депутаттарын сайлау 23 тамызда өтеді. Сайлау заңнамасында үгіттің сайлау болатын күннің алдындағы күні жергілікті уақыт бойынша сағат 00:00-де аяқталатыны нақты көрсетілген.

Айгүл Таңатар
Автордың басқа материалдары