Malim.kz
Білім-ғылым

Бастауыш сынып оқушыларын бағалау жүйесі өзгереді

Арман Қайыпхан
Фото: Үкімет

1 қыркүйектен бастап 2-4 сынып оқушылары үшін білімді бағалаудың жаңартылған тәсілі енгізіледі. Бұл туралы Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның айтуынша, өзгерістер ата-аналардың өтініштері, педагогтердің ұсыныстары, жүргізілген мониторинг нәтижелері, сондай-ақ отандық және халықаралық зерттеулер негізінде қабылданған.

Бұл ретте критериалды бағалау жүйесі сақталады. Бірінші сынып оқушыларына баға бұрынғыдай қойылмайды.

Ал 2-4 сыныптарда қалыптастырушы бағалаудың рөлі күшейтіледі. Оқу бөлімдерінің меңгерілу деңгейін тексеру үшін аралық бағалау енгізіледі.

Қалыптастырушы бағалау кезінде 1-ден 10 балға дейінгі жүйе сақталады. Алайда балл қою тәсілі жаңартылады.

Жаңа жүйе оқушылардың білімін бағалауды жетілдіруге және оқу барысындағы жетістіктерін нақтырақ бақылауға бағытталған.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары