Malim.kz
Оқиға

Басынан тепкілеген: Атырау тұрғыны аяусыз соққыға жығылды

Айбын Атабай
видеодан скриншот

Атырауда пәтерлердің бірінде ер адам аяусыз соққыға жығылған. Бұл туралы Azattyq Rýhy жазды.   

Оқиға орнынан түсірілген видео желіде жарияланды. Кадрларда екі ер адамның аяусыз ұрып-соғып жатқан сәті көрінеді.

Әлеуметтік желіде бұл оқиғаның алаяқтық схемасына байланысты болуы мүмкін екендігі туралы ақпарат тарады. Хабарламада шабуылдаушылар ер адамды кәмелетке толмаған қарындасымен бірге пәтерде ұстағанын және одан ақша талап еткенін айтады. Қарсылық көрсеткеннен кейін олар соққыға көшкен.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі агенттікке берген түсініктемесінде, оқиғаға қатысы бар барлық тұлға анықталып, полиция бөліміне жеткізілгенін хабарлады.

«Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды, болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтау үшін кешенді тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», – деп мәлімдеді полиция.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары