Malim.kz
Оқиға

Батыс Қазақстанда тағы да дрон құлады

• Айбын Атабай
Мой город

Батыс Қазақстан облысында тағы бір ұшқышсыз ұшу аппараты құлады. Аталған факті бойынша тексеру басталды, деп хабарлайды «Мой город».

«Мессенджерлерде БҚО-дағы ауыл маңында ұшқышсыз аппарат құлағаны туралы фотосуреттер мен ақпарат тарады. Сонымен қатар, БҚО полиция департаментінде бұл ақпаратты растады. Ведомство мәліметінше, ұшқышсыз ұшу аппаратының бөлшектеріне ұқсас заттар Ақжайық ауданында табылған», - делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша тексеру жүргізілуде.

«Нысан елді мекен аумағынан тыс жерде табылды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда», - деп нақтылады полицейлер.

Бұл БҚО-да ұшқышсыз аппараттардың құлауының алғашқы жағдайы емес екені атап өтілді.

«Алайда бүгінгі күнге дейін ҚР қорғаныс министрлігі тергеу нәтижелері туралы хабарлаған жоқ», - деп айтылған хабарламада.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары