Malim.kz
Оқиға

Батыс Қазақстанда жасөспірім суицид жасады

Айбын Атабай
rbc.ru

Батыс Қазақстан облысында жасөспірім өзіне-өзі қол жұмсап, көз жұмды.

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 2 маусым күні Теректі ауданындағы ауылдардың бірінде болды.

- Суицид дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жариялауға жатпайды, - деп хабарлады ведомстводан.

Тұрғындардың сөзіне қарағанда, оқиға Ақсуат ауылында болды. Биыл 10-сыныпты бітірген 2010 жылғы жасөспірім кешкісін өз үйінің ауласында асылып қалған.




 

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары