Қазақстандық Бейбарыс Қаблан таеквондодан Найробиде (Кения) өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының алтын жүлдегері атанды, деп хабарлайды Malim.kz.
Жерлесіміз 87 келіден жоғары салмақта ел намысын қорғады.
Бейбарыс финалда Оңтүстік Корея спортшысы Ян Чжунёнды сенімді түрде жеңді.
Осылайша, Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатында алғашқы медалін жеңіп алды.