Malim.kz
Сұқбат

Бекшин: Алматыда қатаң шектеу шаралары енгізілді

Malim Админ

Алматыда эпидемиологиялық ахуалдың  нашарлауына байланысты 21 наурыз бен 28 наурыз аралығында қатаң шектеу шаралары енгізіледі. Бұл туралы бүгін онлайн брифингіде қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді.

"Ең біріншіден, бізді алаңдататын – базарлар. Ашық және жабық азық-түлік емес базарлардың жұмысы тоқтатылады.  Ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінің жұмысы тоқтатылады. Қоғамдық ас беретін орындар кафе, мейрамханалар мен асханалардың жұмысы тоқтатылады. Сондай-ақ фитнес және спорт орталықтары жұмыс істемейді.  Офлайнда оқып жатқан сыныптардағы оқушылар санын 25-тен 15-ке төмендеттік", - еді Ж.Бекшин.

Ж.Бекшиннің қаулысына сәйкес, мыналардың жұмысына шектеу қойылды:

Карантиннің күшейтілуіне қаладағы эпидемиогиялық ахуалдың нашарлауы сеебеп. Сондай-ақ Жандарбек Бекшин денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Алматыда вирустың құрамы өзгерген мутациясы анықталды деген хабарламасын еске салды.

"Мутацияға айналған вирустардың қаупі бұрынғы вирустардан 7 пайызға жоғары. Ал жұғу көрсеткіші 70 пайызға жоғары", - деді Бекшин.

Malim Админ
Автордың басқа материалдары