Malim.kz
Саясат

Бекшин зейнетке шықпақ

Айшолпан КЕРІМ

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин зейнет демалысына шығады

Алматы қаласының бас санитар дәрігері және Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин зейнетке шығуына байланысты 5 қаңтардан бастап қызметінен кетеді.

Еске салайық, Жандарбек Бекшин Алматының бас санитар дәрігері қызметіне 2020 жылдың сәуір айында тағайындалды.

Алматы қаласының бас санитар дәрігері және Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы міндетін атқару Қарлығаш Әбдіжаппароваға жүктелді. Әбдіжаппарова қызметін 27 желтоқсаннан бастап кіріседі. Бұған дейін ол Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жетекшісінің орынбасары қызметін атқарған.

Айшолпан КЕРІМ
Автордың басқа материалдары