Malim.kz
Оқиға

Бектенов «Семей орманындағы» өртке байланысты министрлерді Абай облысына жіберді

Арман Қайыпхан
Фото: ТЖМ

Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша «Семей орманы» аумағындағы жұмыстарды үйлестіру үшін төтенше жағдайлар және экология министрлері өңірге жіберілді, деп хабарлайды Malim.kz.

Премьер-министр Олжас Бектенов төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов пен экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевқа «Семей орманы» аумағында орман өртін сөндіру жұмыстарын үйлестіру мақсатында Абай облысына шұғыл баруды тапсырды.

Жақын маңдағы елді мекендерді қорғау және өрттің одан әрі таралуының алдын алу шараларын күшейту тапсырылды.

2026 жыл 16 шілде сағат 16:00-дегі жағдай бойынша өрт сөндіруге 400-ден астам адам және 100-ге жуық техника жұмылдырылды. Көлемі 100 тоннадан асатын су себілді.

Жедел штаб жұмысы Премьер-министрдің жеке бақылауында.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары