Malim.kz
Оқиға

Белгілі әншіні соққыға жыққандар ісі сотта қаралды

Айбын Атабай
instagram.com/daniyar_pike

“All Давай” тобының бұрынғы мүшесі Данияр Өзбековті Алматыдағы тамақтанатын орындардың бірінде әлдекімдер соққыға жыққан. Оқиға кезінде оның жұбайы да зардап шеккен. Алайда музыкант өзін соққыға жыққандарды кешіріп, олар түрмеден құтылып кетті. Бұл туралы  Malim.kz Kozachhkov Offside Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.  

Ақпаратқа сәйкес, оқиға былтыр жазда Алматыдағы дәмханалардың бірінде болған. Данияр Өзбековті жұбайымен бірге тамақтанып отырған.

Ер адамдар әншіні өз үстелдеріне шақырмақ болған көрінеді, алайда ер адамдар арасында жанжал туындаған.

Жанжалдың нақты неден басталғаны белгісіз. Айыпталушылар ішімдік ішкендіктен, бұған кез келген нәрсе себеп болуы мүмкін. Төбелес салдарынан Ш. Б. пен А. Б. есімді азаматтар музыкантқа жабылып кеткен. Айғай-шуды естіп, сол дәмханада отырған Ә. Ш. есімді азамат та жүгіріп келген. Ол да төбелеске араласып, соққы тек музыкантқа емес, оның жұбайына да тиген.

Төбелесті ажыратпақ болған даяшы да зардап шеккен. Оның денесіне біреу кәуап іспарасын сұғып алған.

“Мұны, болжам бойынша, Данияр Өзбеков жасауы мүмкін”, – делінген хабарламада.

Сотта “All Давай” тобының бұрынғы солисі мен оның жұбайын соққыға жықты деп үш ер адамға қатысты іс қаралған. Олардың әрекеті алдын ала сөз байласқан адамдар тобы жасаған бұзақылық ретінде сараланды.

Данияр Өзбеков сотқа келмей, оның орнына жұбайын жіберген. Ерлі-зайыптылар айыпталушыларды кешіргендіктен, оларға 3,5-4 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Үкім әзірге күшіне енген жоқ.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары