Қайғылы хабар туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Malim.kz.
Юрий Зельманович саналы ғұмырының көп жылын журналистикаға және Қазақстанның фотошежіресін жасауға арнады. Оның объективіне еліміздің қоғамдық, саяси және мәдени өміріндегі маңызды оқиғалар, мемлекет қайраткерлері, еңбек адамдары мен қарапайым азаматтардың өмірі ілікті. Оның фотосуреттері Қазақстанның заманауи тарихының бір бөлігіне айналып, өз дәуірінің адамдары мен оқиғаларын кейінгі ұрпаққа жеткізетін құнды мұра болып қалды.
Юрий Беккердің кәсіби жолының елеулі бөлігі «Казахстанская правда» газетінің редакциясымен байланысты болды. Ол өмірінің соңғы күндеріне дейін редакцияда қызмет етіп, өзінің кәсібі мен бүкіл ғұмырын арнаған ісіне адалдығын сақтады.
Әріптестері мен кәсіби орта өкілдері Юрий Беккерді талантты фотожурналист, жауапкершілігі жоғары, ұстанымы берік әрі өз ісінің нағыз маманы ретінде еске алады.