19 тамызда болған қайғылы оқиғадан 3 бала көз жұмып, 3-еуі ауруханаға түскен болатын.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы бір айдан астам уақыт ес-түссіз жатқан 9 жастағы қыздың көз жұмғанын хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, оның жағдайы өте ауыр болған.
Айта кетері, 19 тамызда Бестерек ауылында жүргізуші 6 баланы қағып кетті. Үшеуі көз жұмды.
Ол эпилепсия диагнозымен есепте тұрған болып шықты.
Зардап шеккен екі бала ауруханадан үйіне шығарылды.
Фото: ДСМ