Malim.kz
Денсаулық

"Безеуін сығамын деп өмірінен айрылып қала жаздады": 28 жастағы келіншек адам сенгісіз жағдайға түсіп қалды (ФОТО)

Мадияр Қапанбек
ашық дереккөзден

Ресейдің Котлас қаласында 28 жастағы тұрғын маңдайындағы безеуді өз бетінше сығып, ауыр асқынумен ауруханаға түсті. Бұл туралы SHOT Telegram арнасы хабарлады, деп жазады Malim.kz.

Дереккөз мәліметінше, әйел алғашында маңдайындағы безеуді өзі сығып шығарған. Алайда келесі күні сол аймақ қатты ісініп, үшінші күні жағдайы нашарлаған соң медициналық мекемеге жүгінуге мәжбүр болған. Алғашқы тексеру кезінде дәрігерлер тек пластырь жапсырумен шектелген. Бірақ жараның беті қайтпаған, керісінше қабыну үдеп кеткен.

Араға уақыт салып, әйел қайтадан ауруханаға барған. Бұл жолы дәрігерлер маңдай тұсын тіліп, антибиотиктер тағайындауға мәжбүр болды. Соған қарамастан, науқастың жағдайы жақсармай, ол стационарға жатқызылған. Медиктердің айтуынша, асқынудың негізгі себебі – безеуді сықпас бұрын қолды залалсыздандырмау. Соның салдарынан инфекция түсіп, ірің жиналып, ісік бүкіл бет аймағына таралған.

Безеу деген не және ол неге пайда болады?

Безеу (медицина тілінде акне) – тері май бездерінің қызметі бұзылғанда пайда болатын қабыну үдерісі. Өлі жасушалар мен артық май шаш фолликуласының аузын бітеп, бактериялардың көбеюіне қолайлы орта қалыптастырады. Нәтижесінде қабыну, қызару және іріңді бөртпелер пайда болады. Көбіне безеу бетте, арқада және кеуде тұсында шығады.

Безеудің негізгі себептері

Безеулі теріні қалай күту керек?

Неліктен безеуді сығуға болмайды?

Мамандардың айтуынша, безеуді өз бетімен сығу:

Сондықтан қабынған бөртпелерді сығудың орнына дерматолог немесе кәсіби косметологқа жүгінген дұрыс.

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары