Malim.kz
Оқиға

«Биг Шанхай» базарындағы өрт толығымен сөндірілді

Арман Қайыпхан

Өрт толығымен 30113 шаршы метр алаңда сөндірілді. Себебі анықталуда, деп хабарлайды Malim.kz.

Өртті сөндіру үлкен алаңға өрттің қарқынды таралуымен, жанғыш материалдардың көп болуымен, қатты түтінмен және жоғары температурамен күрделенді.

Сауда павильондарының тығыз орналасуы және өрт ошақтарына шектеулі қол жетімділік қосымша қиындық тудырды.

Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында жақын орналасқан ғимараттарға өрттің таралуына жол берілмеді.

Фото: ТЖМ

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары