Экономист Жангелді Шымшықов дәл қазір қазақстандықтардың кемі 10 пайызы қайыршылық шегінде өмір сүріп жатқанын айтты.
Оның пайымынша, есепсіз байлықтың үстінде отырған халықтың 30 пайызы айлығын шайлығына жеткізе алмай, жан бағуға мәжбүр. Сорақысы, жағдайы орта деңгейдегі халықтың өзі ертеңге деп қор жинай алмайды. Сынның да көптігі содан дейді сарапшы.
Бұған қоса, экономист Жалпы Ішкі Өнім мен Жалпы Ұлттық Өнімнің айырмашылығына тоқталып, билік үшін қайсы индикатор ыңғайлы болып отырғанын түсіндіріп өтті.