Malim.kz
Сұқбат

Билік ерекше балалар емсіз қалсын дей ме?

Malim Админ

Биліктің коронавирустың өршуіне байланысты қабылдаған мектепке дейінгі мекемелерді жабу туралы шешімімен аутизммен ауыратын балалары бар ата-аналар келіспейді деп хабарлайды  Malim.kz

Дамуы баяу балалардың ата-аналарының аталған шешімге деген наразылығын AUTISM KAZAKHSTAN ұлттық ассоциациясы жеткізіп отыр. Олар Қазақстан үкіметіне, Елорда әкімі Алтай КӨЛГІНОВКЕ, Балалар құқығы жөніндегі уәкіл Аружан САИННЫҢ атына АШЫҚ ХАТ жазды.

Ашық хатта онлайн оқытуға немесе қашықтан жұмыс істеуге басқа салаларда мүмкіндік болғанмен, ерекше балаларды тәрбиелеу мен бейімдеу бойынша мүмкіндік жоқ. Мұның көптеген себептері бар. Орталық ата-аналар ұсынып отырған 5 уәжді алға тартады:

«Барлық ата-аналар осы санаттағы балалармен жұмыс істейтін орталықтардың жұмысын тоқтатпауды сұрайды, себебі:

Хатта, сондай-ақ, балаларының дамуын тоқтатпау үшін олардың карантин жағдайындағы денсаулықтарына қатысты барлық жауапкершілікті ата-аналар өз мойындарына алатыны айтылған. Ассоциация да оңалту орталықтарында барлық санитарлық талаптар мен алдын алу шаралары қатаң сақталатынын айтады.

Мүгедек және дамуы тежелген балалардың ата-аналарының атынан ассоциация басшысы Нұргүл БАЛТАБАЙҚЫЗЫ қол қойған хатқа үкімет пен астана әкімдігі қандай жауап қататыны белгісіз. Ассоциацияның Facebook парақшасында жарияланған хаттың соңында Ақорданың баспасөз қызметін де белгілепті, демек, бұл жайттан президент аппараты да хабардар болуға тиіс.

Malim Админ
Автордың басқа материалдары