Malim.kz
Оқиға

Бір көйлекпен алты келін тұрмысқа шыққан: ескі суреттерден ерекше сыр ашылды

• Алуа Әшірбекова
Фото-коллаж: malim.kz\ ЖИ арқылы өңделген

Ескі отбасылық суреттерді қарап отырған әйел анасының қалыңдық көйлегін тағы бес келіннің кигенін анықтаған. Осылайша бір көйлектің алты тойға ортақ болғаны белгілі болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Оқиға 1956 жылы Австралияда басталған. Грекиядан қоныс аударған Мария Алексакис пен Элени Дукас кемеде танысады. Сиднейге келгеннен кейін Мария тұрмысқа шығып, бір аптадан соң оның ақ көйлегін Элени өз тойына киеді.

Кейін көйлек тағы төрт қалыңдыққа берілген. Марияның айтуынша, ол кезде көпшіліктің жағдайы қиын болған. Сондықтан көйлегін өзгелерге тегін ұсынып, той шығынын азайтуға көмектескен.

Арада ондаған жыл өткенде Марияның қызы, фотограф Эффи Алексакис ескі суреттердегі қалыңдықтардың көйлектері бірдей екенін байқайды. Екі жыл ізденіп, оны киген алты әйелдің тарихын жинаған.

Ал көйлектің қазір қайда екені белгісіз. Эффи оны тауып, болашақта өз қызының тойына кигізуді армандайды. Бір кездері алты қалыңдыққа жарасқан көйлек әзірге тек суреттерде сақталған.

Алуа Әшірбекова
Автордың басқа материалдары